Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу кейінге қалды
Ресейден Қазақстанға амур жолбарыстарын жеткізу мерзімі кейінге шегерілді. Бастапқы жоспар бойынша олар күзде жеткізілуі тиіс еді. Енді «Тұран жолбарысы» деп аталып жүрген жыртқыштар келер жылдың ортасына дейін жеткізілмек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында Экология және табиғи ресустар министрлігінің өкілі мәлімдеді. Айтуынша, былтыр Нидерландыдан әкелінген аңдар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына жақсы бейімделіп келеді. Мамандар мысықтұқымдас жабайы жануарларды күнделікті бақылап жүр. Әзірге ұрпақ жоқ, жағдайлары жақсы. Ведомство өкілі болашақта амур жолбарысының санын 20 басқа дейін жеткізу жоспары барын жеткізді.
Данияр Тұрғамбаев, ЭТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы:
Қазір оларда бар жолбарыстар бізге келмейтін болып тұр. Сондықтан желтоқсан-қаңтар айында қарыстырылады. Оны бір айдай ветеринарлар қарайды және басқа да сарапшылар зерттейді. Лайықты жолбарыс табылған кезде бізге жеткізеді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06