Astana Media Week 2025 апталығы басталды
Астанада бүгін Орталық Азиядағы ең ірі медиафорумдардың бірі Astana Media Week 2025 басталды. Тоғызыншы рет ұйымдастырылған шара бүгінде аймақ журналистерінің кәсіби тәжірибе алмасатын басты алаңына айналған. Биылғы форумға Түркия, Еуропа, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытайдан келген медиа жетекшілер мен технологтар қатысып жатыр. Дәл қазір әріптесім Ернұр Медет те сол жерде жүр. Ернұр биылғы жиынның басты тақырыптары қандай? Қандай мәселе көтеріліп жатыр?
Ернұр Медет, тілші:
Соңғы жылдары медиа нарықта басты өзгеріс – салаға ЖИ технологияларының қарқынды енуі. Мысалы жаңа ғана өткен «Жасанды интеллект пен цифрландыру дәуіріндегі журналистика» атты пленарлық отырыста сарапшылар Эй Ай құралдарының журналистикаға әкелген оң және теріс әсерін саралады. Сарапшылардың пікірінше, енді ЖИ тек мәтін немесе видео генерациясы ғана емес, медиа аналитика, фактчекинг, көрермен талғамын болжау сияқты жаңа бағыттарда қолданылады. TRT Avaz және Euronews өкілдері өз тәжірибесінде ЖИ арқылы контентті бейімдеу мен автоматты субтитрлеу жүйесін енгізгенін айтты. Сондай-ақ биылғы апталықтың басты ұраны «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы». Яғни журналистиканың негізгі жүгін, жауапкершілігін мамандардың есіне қайта салуды көздедік, - дейді ұйымдастырушылар. Мұнда жаңа технологиялар, сенім мен жауапкершілік, ұлттық идеология және цифрлық трансформация тоғысып отыр.
Властимил Самек, БҰҰ ақпараттық орталығы ғаламдық коммуникациялар департаментінің өкілі:
Менің ойымша, жасанды интеллект адамды, оның ішінде кәсіби маманды толық алмастыра алмайды. Ол тек көмекші, толықтырушы құрал. Ол сұхбатты құрғанда шынайы, сол адамның мұңын, мәселесін сезінбейтіні анық. Сондай ақ ЖИ үнеме ақпаратқа, жаңа мәліметке мұқтаж. Ал ол деректерді жинақтап, мәселен анау қиырдағы ауылға барып сол жердегі әженің, болмаса бір тарихшының айтқанын жазып, деректерді енгізетін біз журналистер. Сондықтан жи бізге тек көмектеседі.
Ернұр Медет, тілші:
Медиафорум 3 күн бойы жалғасады. Ауқымды жиын аясында 8 панельдік сессия, 7 шеберлік сағаты жоспарланған. Барлығы 60-тан аса спикер сөз сөйлеп, тәжірибелерін ортаға салады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама жасақталды
19.01.2026, 20:40
Таразда оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін
19.01.2026, 20:37
Павлодарда «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа білім ошағы ашылды
19.01.2026, 20:35
Робот-хирург тізе буынын ауыстыру операциясын жасады
19.01.2026, 20:33
Жамбыл облысында шекарада мобильді инспекциялық-тексеру кешені іске қосылды
19.01.2026, 20:31
Шымкентте 75 адамның мүгедектік туралы құжаттары күмән тудырды
19.01.2026, 20:28
Суперкомпьютер не үшін қажет?
19.01.2026, 20:24
ЖИ туралы заң толық күшіне енді
19.01.2026, 20:21