Ақмола облысында жазғы дөңгелекпен жолға шыққан жүргізушілер кері қайтарылды
Ақмола облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты қысқы дөңгелегін ауыстырмаған көліктердің қозғалысына уақытша тыйым салынды. Осыдан кейін жолға шыққан мыңнан аса көлік иесін кері қайтаруға тура келді. Қар жауып, жолдың көктайғақ болуынан патрульдік полиция күшейтілген режимге көшті. Олар жазғы дөңгелекпен республикалық маңызы бар жолға шыққан жүргізушілерді кері қайтарып жатыр. Көктайғақ салдарынан облыс аумағында 23 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Олар негізінен қала ішінде болған. Бүгінде көлік жүргізушілері 1 желтоқсанды күтпей, жаппай жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстырып жатыр.
Ержан Қошқарбаев, Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
Ауа райының күрт нашарлауына және көктайғақтың пайда болуына байланысты 200-ге жуық патрульдік полиция қызметкерлері аймақ жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көптеген ескертуге қарамастан, 1064 жүргізуші жолға жазғы шиналармен шықты.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06