Биыл ауыл шаруашылығы үшін рекордтық жыл болды
Елімізде бұрын-соңды болмаған рекордтық көлемде астық жиналды. 27 млн тонна қамбаға құйылды. Осы қарқыннан түспеу үшін келер жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қазірден басталып кетті. Шаруаларға несие беру жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін Премеьр-министр Олжас Бектеновке ауыл шаруашылығы министрі есеп берді.
Елімізде рекордтық көлемде өнім жиналды. 27 млн тонна астық қамбаға құйылды. Республика бойынша астық жинау толығымен аяқталды. Биыл егіс алқаптарын әртараптандыруға ерекше назар аударылды. Яғни, бидайға ғана басымдық бермей, майлы дақылды көптеп өсіру қолға алынды.
Нәтижесінде бұршақ дақылдарының түсімі алғаш рет 1 млн
тоннаға жетті. Майлы дақылдар бойынша жиналған өнім бүгінгі күннің өзінде 4,5
млн тоннаға жуықтап қалды. Сонымен қатар, 3 млн тоннаға жуық картоп, 4
млн тоннаға жуық көкөніс, 2,5 млн тоннадан аса
бақша дақылдары жиналды. Мақта жинау жұмыстары да аяқталды. 430 мың тонна өнім бар. Бұл өткен
жылмен салыстырғанда 42%-ға көп.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
1 қазаннан бастап 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінім қабылдау басталды. Қарашаның екінші онкүндігінен бастап шаруаларға револьверлік кредит беру ашылады. Бұл бір кепілдікпен жыл сайын несие алуға мүмкіндік береді.
Алынған астық өнімі ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етеді және экспорттық әлеуетті де сақтап қалуға мүмкіндік береді, деді Ауыл шаруашылығы министрі.
Биыл қазақстандық астық Бельгия, Португалия, Польша, Норвегия, Ұлыбритания, Вьетнам, Біріккен Араб Әмірліктері, Солтүстік Африка елдеріне жеткізілді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Мемлекет басшысының тапсырамсы бойынша көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Жеңілдікпен қаржыландыру лизингті қоса алғанда рекордтық 1 трлн теңгеге жетті. Диқандар тұқымдық материалмен, арзандатылған жанар-жағармаймен және қажетті көлемдегі тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілді.
Мұндай қолдау шаруаларға бұрын-соңды көрсетілмеген.
Самал Қабышева, тілші:
Премьер-министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылық министріне келер жылғы егін егу науқанына қазірден кірісуді тапсырды. Қазір көктемгі егіс жұмыстарына несие беру бойынша өтінімдерді қабылдау жүріп жатыр. 10 қарашадан кейін қаржыландыру процессі басталады. Ал несиені алу үшін шаруа өз өңіріндегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына баруы қажет. Жүзеге асып жатқан бағдарлама «Кеңдала-2» деп аталады.Несие 5 пайызбен беріледі. Ал басты талап шаруаның жері болу тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы