«Қорғас» туризмнің жаңа бағытына айналады
Жетісу облысы мен ҚХР алдағы уақытта туризм саласындағы ынтамақты күшейтпек. Нәтижесінде «Қорғас» тек сауда аймағы ғана емес, мәдени және ойын-сауық орталығына айналады. Бұл туралы «Жетісу» туристік ақпараттық орталығы мен қытайлық тур агенттіктерінің кездесуінде айтылды.
Дамир Нұрмұхамет, тілші:
Менің ту сыртымдағы алып ғимарат «Қытай мәдени орталығы» деп аталады. Жетісу облысы мен ҚХР арасындағы алыс-беріс мәселесі және екіжақты туризмді дамыту жолдары осы қызыл сарайда талқыланады.
Қытайдың туы түстес ғимаратта көрші елдің тұтас тарихын танып білуге болады. Мұражайға ерте және орта ғасырларға тән құнды жәдігерлер көптеп қойылған. Дәстүрді насихаттаумен қатар өңірде денсаулықты нығайту жолы да қарастырылған. Мұнда күніне жүзден астам шетелдік азамат ем қабылдайды.
Асқар Қайымұлы, емші:
Емдеудің екі түрі болады. Біреуі массаж алатын, ине қоятын, шөп дәрі ішетін. Бір-біріне ұқсамайды. Күніне үш дәрігер қарайды, мейірбикеден төртеу, одан кейін қаржыға жауапты және дәрілерді қаптайтыны бар, барлығы жалпы 7 адам жұмыс істейді.
Қаладағы ерекше саябақ пен 9D форматындағы кинотеатр да туристердің
қызығушылығын арттырып келеді.
Дамир Аманбаев, «Қорғас» ШЫХО Инвестиция департаменті басшысының орынбасары:
Келуші туристер саны күнделікті 4 мың адам. Олар тек Қазақстаннан емес, Орталық Азия мемлекеттерінен Қырғызстаннан, Өзбекстаннан туристер қабылдаймыз. Гастрономиялық туризм жақсы дамып жатыр. Туристерге арналған ресторандар мен қонақүйлер бар.
Ал Жетісу облысына биыл 2 млн-нан астам адам келген. Оның 76%-ы шетелдіктер.
Оларды өңірдің тұмса табиғаты қызықтырады. «Алтынемел» ұлттық паркіне ғана 30 мыңға жуық саяхатшы келсе, соның 5 мыңнан
астамы Қытай азаматтары.
Мейрамбек Қапасов, «Жетісу» туристік ақпараттық орталығы басшысының
орынбасары:
Жетісу облысы екі бағыт бойынша ерекшеленеді: біріншісі – Алматы арқылы келетін шетелдік туристер легі, екіншісі – көршілес елдерден келушілер. Алакөл бағытындағы «Достық» теміржол бекеті мен «Нұрлы жол» көлік дәлізі арқылы туристердің ағымы артып келеді.
Былтыр Жетісу мен Шыңжаң-Ұйғыр
автономиялық ауданы арасында «Қорғас» трансшекаралық туристік аймағын бірлесіп
құру жөнінде меморандумға қол қойылды. Мамандардың айтуынша, жаңа бағыттағы
жобалар екі ел арасындағы туристік ағымды арттырып, аймақ экономикасының
дамуына серпін береді.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер»-«Қайрат» матчын «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
04.11.2025, 20:38
Үш футбол клубы жекешелендіріледі
04.11.2025, 20:36
Жүзу спорты мектеп бағдарламасына енгізіледі
04.11.2025, 20:33
Көне кітаптарды қалпына келтіру үшін қолмен қағаз құю әдісі тәжірибеге енгізілді
04.11.2025, 20:29
Енді Кавказ бен Оңтүстік Азия елдеріне жөнелтілетін отандық өнімдердің көлемі 2 есе артпақ
04.11.2025, 20:27
Қазақстан мен АҚШ геологиялық және цифрлық ынтымақтастықты күшейтеді
04.11.2025, 20:23
Астанада көлік дөңгелегін ауыстыру құны қанша?
04.11.2025, 20:23
Ақмола облысында жазғы дөңгелекпен жолға шыққан жүргізушілер кері қайтарылды
04.11.2025, 20:20