Атырауда 2600-ден аса ағаш егілді
Атырауда абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаланың басты көшелерінің бойы жасыл желекпен көмкеріліп, ескі саябақтар жаңартылып жатыр. Жоспар бойынша 2600-ден астам ағаш отырғызылған. Жайық өзенінің жағасын және Әбілқайыр хан көшесін бойлай 300-ден астам қарағай жайқалып тұр. Ал шахар іргесіндегі Дамбы, Геолог ықшам аудандарындағы саябақтар қайта жаңғыртылуда. Мұнда арнайы тастар төселіп, жарық шамдар да қойылмақ.
Дулат Қуанғали, қалалық ТҮКШ және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің бас маманы:
2025 жылғы күзгі отырғызу жұмыстары Атырау қаласында демеушілік көмек аясында, бюджет қаражатынсыз жүзеге асырылды. Бұл жұмыстар қала кәсіпорындарының жасыл инфрақұрылымды дамыту және жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған бірлескен бастамасының нәтижесі болды.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері өңірге 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08