Жетісу облысында 500 келіден аса есірткі тәркіленген
Жетісу облысында жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 143 құқық бұзушылық тіркеліп, 500 келіден астам наркотикалық заттар тәркіленген. Ұсталған жүзден астам адамның үшеуі кәмелетке толмағандар. Сондай-ақ 55 мекеме мен кәсіпкерлік субъектісі тексеріліп, нәтижесінде құрамында психобелсенді заттары бар мыңдаған ампула мен таблетка және 2 тоннаға жуық прекурсор анықталған. Қазіргі таңда өңірде есірткі айналымының жолын кесу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Жанар Халықова, Жетісу облысы ПД ресми өкілі:
Биыл «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, оның шеңберінде тиісті лицензиялары бар 55 кәсіпкерлік және денсаулық сақтау субъектілері тексерілді. Оның ішінде 34 дәріхана, 16 емдеу-профилактикалық мекеме және 5 өнеркәсіптік кәсіпорын. Нәтижесінде 41 құқық бұзушылық анықталды.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06