Қазақстан оқушыларының робототехникадан ұлттық құрамасы Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge атты Бүкіләлемдік олимпиадада биыл қатарынан төртінші жыл тарихи жеңіске жетті. Бұған дейін Женева-2022, Сингапур-2023 және Грекия-2024 жылдары да халықаралық STEM бағыты бойынша абсолютті әлемдік көшбасшы атанған еді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Әлемнің 190 елінен келген командалардың ішінен қазақстандық оқушылар бірінші орынды иеленіп қана қоймай, бірден екі жоғары марапатты жеңіп алды. Айта кету керек, сайысқа қатысатын команданың құрамы қайталанбайды — жыл сайын жаңа қатысушылар дайындалады.