Тележурналист Азат Рыстанбек дүниеден өтті
Кеше қазақ тележурналистикасында өз қолтаңбасы бар кәсіби маман, документалист Азат Рыстанбек дүниеден өтті. Ол 20 жасында «Qazaqstan» телеарнасына жұмысқа тұрып, өз өмірінің 20 жылын Ұлттық арнаға арнады, ақпараттық-сараптамалық, шығармашылық бөлімдерде абыройлы қызмет етті. Ол 2000 жылдары террористік ұйымдар туралы зерттеу жүргізді. Шекара асып, тың тақырыптарға жол салды. Анадолыдағы қазақтың мұң-мұқтажын жеткізді. Окопта жатып, төбесінен танкі өткізді. Көптің жүрегі дауаламайтын ауыр миссияны арқалады. Ол жасаған деректі фильмдер мен көп сериялы арнайы репортаждар арна қоржынында эксклюзив болып сақталды.
Әріптесіміздің қазасы біздің де қабырғамызды қайыстырды. Ағайын-туғандарына қайғыра көңіл айтамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06