BBC қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева туралы мақала жариялады
Би-Би-Си-дің орыс қызметі «Патшайымның жүрісі. Қазақстанда неге әйел шахматшылар ерлерге қарағанда табыстырақ?» деген мақала жариялады. Басты кейіпкер - белгілі шахматшы Бибісара Асаубаева. Жансая Әбдімәлік туралы да айтқан.
Дегенмен әлем чемпионы болуды армандайтын Бибісараның жолы - әңгіменің өзегі. Иә, 2021 жылы ол блиц бойынша әлем чемпионы атанды. Рапидте екінші орын алды. Алайда ең беделді турнир - ол классикалық шахмат. «Шахмат тәжін» де классикалық шахматтан чемпион болсаң тағасың.
«Шахмат аяқталмайтындығымен ұнайды. Мен 7 жасымнан күніне 8 сағаттан айналысамын. Қазір 21-демін, әлі сонша сағат шұғылданамын. Шахмат туралы көп білемін деп айта алмаймын. Себебі әркез жаңа, қызық, әдемі, тіпті таңғалдырады. Шахматтың ғажабы - сонда», - деген Бибісара.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы