Басты Жаңалықтар АҚШ пен Қытай жаңа сауда келісіміне дайындықты бастады

АҚШ пен Қытай жаңа сауда келісіміне дайындықты бастады

Аяқталған аптаның халықаралық деңгейдегі жаңалығының бірі - АҚШ пен Қытай басшыларының кездесуі. Дональд Трамп пен Си Цзиньпин Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы авиабазада жүздесті. АҚШ Президентінің ойынша, бұдан кейін табыс пен мәңгі бейбітшілік орнайды.

«Екіжақты кездесу біздің мемлекеттер үшін керемет болды. Қытай мен АҚШ-ты Құдай қолдасын», - деп жазды өзінің әлеуметтік желісінде. 40 минутқа созылған жабық форматтағы жүздесуде тараптар сауда келісіміне дайындықты бастауға уағдаласқан. Қытай сирек кездесетін металдар экспортына шектеуді бір жылға шегереді. АҚШ қытай тауарларына салықты әзірге 47 пайыз деңгейінде қалдырады.

Украина, Таяу Шығыс, ядролық қауіпсіздік мәселелері қозғалды, дегенмен нақтылық жоқ.

Дональд Трамп мырза Си Цзиньпин жолдасты алдағы жылдың басында Құрама Штаттарға сапарлауға шақырыпты.

Айтпақшы, Пентагон Украинаға алысқа ұшатын қанатты «Томагавк» зымырандарын беруге келіскен. Енді саяси шешімді Д. Трамп қабылдауы керек.


Бөлісу