Түркияда қонақ үй өртіне кінәлілер сотталды
Түркияда қонақ үй өртіне кінәлі деп танылған 11 адам өмір бойы бас бостандығынан айрылды. Олардың қатарында өртенген қонақ үйдің иесі мен оның отбасы мүшелері, Болу қаласы мэрінің орынбасары және қонақ үйдің қызметкерлері де бар. Тағы 21 адамға түрлі деңгейдегі жаза кесілді. Бірнеше айға созылған сот процесінің алғашқы кезеңі бүгін аяқталды. Алапат өрт биыл қаңтар айында Болу қаласы маңында орналасқан тау шаңғысы курортындағы бес жұлдызды қонақ үйде болған еді. Таңға жуық тұтанған өрттен 78 адам көз жұмып, 130 адам жарақат алған болатын. Тергеу анықтағандай қонақ үйдің асханасындағы пештен шыққан өртті қызметкерлер дер кезінде сөндірмеген. Сондай-ақ дабыл қағу жүйесі істемеген. Өрт кезінде сыртқа шығуға арналған қосымша баспалдақтар да болмаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы