3 қарашада «Наурыз» бағдарламасы қайта басталады
3 қарашадан бастап «Наурыз» және «Наурыз Жұмыскер» ипотекалық бағдарламалары қайта іске қосылады. «Отбасы банк» мәліметіне сәйкес, бұл жолғы қабылдауға көктемгі іріктеуден өтпеген азаматтар да қатыса алады. Баспана беруде кімдерге басымдық берілмек? Өтінім қабылдаудың негізгі шарттары қандай? Ернұр Медет тарқатып айтады.
Ернұр Медет, тілші:
Басты талап - соңғы бес жылда өтінім берушінің және оның отбасы мүшелерінің атына тұрғын үй тіркелмеуі керек. Және депозитте кемінде 2 миллион теңге ақшасы болуы тиіс. Сондай-ақ соңғы 6 айдағы ресми табысын да растауға міндетті. Егер жаңа, әрленген үйді таңдасаңыз, бастапқы жарна мөлшері – кемінде 10 пайыз, ал екінші нарықтағы пәтер үшін – 20 пайыздан басталады.
Сыйақы мөлшерлемесі әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін - 7 пайыз, басқа үміткерлер үшін - 9 пайыз болады. Өңірлерде 30 миллион теңгеге дейін, Ал Астана мен Алматы сынды баспана құны қымбат қалаларда - 36 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Оны төлем қабылетіңізге қарай 19 жылға дейін бөліп өтей аласыз. Құжаттар онлайн форматта, «Отбасы банкінің» ресми сайтындағы Baspana Market бөлімінде қабылданады. Өтінім беру уақыты - 3 қарашадан 1 желтоқсанға дейін.
Барлық қажетті
деректер жиналғаннан кейін балдық жүйе бойынша конкурстық іріктеу жүргізіледі.
Бағалау кезінде депозиттің көлемі, отбасылық жағдай, балалардың бар-жоғы және
әлеуметтік осал топқа жататыны ескеріледі. Әсіресе, 35 жасқа дейінгі
азаматтарға басымдық беріледі. Айта кетейік, Жыл басынан бері отбасы банкі 60
мың адамға жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге жуық несие берген. Ал енді бағдарлама
қайта іске қосылғаннан соң қанша баспана берілетіні келесі аптада белгілі
болады. Жаңа пәтер алу алдағы 
арман-мақсаттарыңыздың қатарында болса, бұл мүмкіндіктен қапы қалмаңыз. 
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы 
                                 
                                 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    