Қазақстан бюджетінің негізгі үлесін небәрі 1500 компания құрайды
Қазақстан бюджетінің негізгі үлесін небәрі 1500 компания құрайды. Бұл туралы Премьер-Министрдің кеңесшісі Әлішер Қожасбаев мәлімдеді. Оның пікірінше, Қазақстанның басты экономикалық мәселесі – кең-байтақ, бірақ аз қоныстанған аумағын сақтап қалу. Мысалы кей аймақтарда халық аз шоғырланса да, инфрақұрылым керек. Автомобиль, теміржол, мектеп сынды ірі жобалардың барлығы республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Бұл ретте мемлекеттік қазына кірісінің негізгі бөлігін бизнестің өте шағын сегменті құрайды, - деді Қожасбаев. Елімізде 2,5 миллионға жуық бизнес болса, оның тек 1500-і ғана бюджет кірісінің негізгі бөлігін құрайды. Сондықтан ірі бизнесті, өнеркәсіп, өндірісті дамыту – кезек күттірмейтін мәселе.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06