Басты Жаңалықтар Астанада «Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі» талқыланды

Астанада «Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі» талқыланды

Астанада «Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі: басты трендтер мен талаптар» тақырыбында халықаралық конференция басталды.  1500-ге жуық  педагогтың басын қосқан диалог алаңы осымен 14-рет өткізіліп отыр. Жиынға Ұлыбритания, АҚШ, Финляндия мен Қытайдан беделді сарапшылар келген. Олар оқушылардың цифрлық сауатын арттыру, оны бағалау, жасанды интеллектіні білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктерін айтып, тәжірибесін айтты. 

Әнуар Жанғозин, НЗМ дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы:

Бізде ЖИ-ді толықтай пайдаланып отырған Beyim.ai атты платформа енгізілуде. ЖИ бұл платформада әрбір оқушыға өзіндік оқу траекториясын анықтайды. Келесі жылдан бастап сәтті сынақтан өткеннен кейін басқа да мектептерге ұсынуға дайынбыз.

Конференция аясында көрме ұйымдастырылды. Онда шетелден және әр өңірден келген 100-ден аса педагог, оқушылармен бірге әзірлеген ғылыми жобаларын көпшілікке таныстырды. Негізгі бағыт - Қазақстанда EdTech саласын дамыту. Ең үздік 10 жоба жиын соңында марапатталмақ.

Исмаил Мұрат, оқушы:

Біздің жобамыздың аты кэм стриль лаборант. Ол виртуалды химиялық лаборотория. Яғни, VR технология арқылы оқушыларды толықтай оқу үдерісіне енгізу. Технология арқасында оқушылар практикалық түрде көріп қана қоймай, тест сұрақтарға жауап беріп, видеотүсіндірмені көреді. 


Бөлісу