Жаңа Салық кодексі жаңа жылдан бастап күшіне енеді
Жаңа жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Ең маңызды өзгерістердің бірі – қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу тәртібі.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылдық айналымы 43 млн теңгеден асқан
кәсіпкерлер төлеуге міндетті. Яғни, 10 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінен
артық табатындар табысының 16 пайызын салыққа береді. Қосылған құн салығын төлеуші
ретінде тіркелу керек. Өтінішті айналым шегінен асқаннан кейін 5 жұмыс күні
ішінде тапсыру қажет. Өтініш беру процесі бұрынғыдай, «Салық төлеушінің
кабинеті» немесе eGov порталы арқылы электронды түрде жүргізіледі. Салық
органдары тіркеудің жүргізілгенін бақылайды. Егер бұзушылық анықталса,
кәсіпкерге ескерту жібереді. Оны орындауға бір ай, яғни 30 күн береді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06