Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа деңгейге көтермек
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі жыл сайын артып келеді. Серіктестік орнаған 1992 жылдан бастап санасақ, тауар айналымы 119 есе өсіпті. Алғашқыда 368 миллион доллар ғана болса, бүгінде бұл көрсеткіш миллиардтарға парапар. Осы байланысты одан ары нығайту мақсатында еліміздің Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев шығыстағы көршімізге ресми сапармен барып қайтты. Дипломаттар нені талқылады? Бейжіңде өткен кездесудің маңызы жайлы Ернұр Медет тарқатады.
Бұл - Дяоюйтай мемлекеттік резиденциясы. Қытайдың ең жоғары деңгейдегі дипломатиялық қабылдау кешені. 800 жылдық тарихы бар ғимараттың саяси салмағы Бейжіңдегі Үкімет үйі, тіпті Ұлы халық жиналысы сарайымен тең дәрежеде. Бүгінде Қазақстан мен Қытайдың сыртқы істер министрлері дәл осы жерде қос елдің алдағы саяси-экономикалық байланысын дамыту бойынша талқылау өткізді.
Қазақстан – өңірдегі сенімді стратегиялық серіктесіміз, біз екі ел халқының игілігі үшін өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты нығайтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз.
Биыл Қытай және Қазақстан Республикаларының басшылары ресми түрде екі рет кездескен. Бүгінгі кездесу одан әрі серіктестік, ынтымақтастық жолды одан әрі жалғастырады. Нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Жаңа мүмкіндіктер, транспорт, логистика инвестиция саласында.
Қос мемлекет арасындағы тауар айналымы былтыр 44 миллиард долларға жуықтап, рекордтық деңгейге жетті. Елімізден негізінен шикізат пен минералдық ресурстар экспортталса, соңғы жылдары ауылшаруашылық өнімдері мен өңделген тауарлар да шекара аса бастаған. Ал Қытайдан бізге – техника, электроника, киім мен көлік түрлері келетіні белгілі.
Тіпті мемлекеттік деңгейден тыс кәсіпкерлік тұрғыдан да көптеген келісімшар жүзеге асып жатыр. Қытай мен Қазақстанның экономикалық байланысы одан әрі нығая бермек. Ол тарихи және географилық факторлардың сөзсіз дәлелі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы