Басты Жаңалықтар Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясына 110 мыңға жуық адам қатысқан

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясына 110 мыңға жуық адам қатысқан

Жамбыл облысында жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясына 110 мыңға жуық адам қатысты. Ал айналаны абаттандыру мен тазартуға 1 800 кәсіпорын мен мекеме атсалысып келеді.

Бүгін аталған акция аясында «Жастар ресурстық орталығының» белсенділері «Сервис және технология» колледжінің студенттермен кездесті. Олар елдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру тақырыбында пікір алмасты. Өңір жастарының мәселесін қозғап жүрген мекеме мамандары тазалық табалдырықтан басталатынын айтып, осы ұран аясында челленжге үн қосуды қозғады. Енді әрбір жас өз үйі мен ауласын тазартып, оның бейне ролигін желіге жүктейтін болады. Айта кетейік, аймақта бүгінге дейін 100 мың шаршы метр тұрғын үй ауласы, 3 шақырымнан аса көше жолдары тазартылды. 

Айбек Қадырәлиев, Жамбыл облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры:

Жастардың қолдауымен республикалық автожолдардың бойынан 60 тонна күл-қоқыс жиналды. Сонымен қатар қаланың ішіндегі саябақтарда, қоғамдық жерлерде жастар тарапынан жүргізіліп жатқан осы сенбілік жұмыстар нәтижесінде 12 тонна күл-қоқыс шығарылды, 12 мың түп тал, ағаштар егілді.


Бөлісу