Жыл басынан бері 40 мыңдай адам инсульт алған
Елімізде жыл басынан бері 40 мыңға жуық адам инсульт алып, 5 мыңдай науқас қайтыс болған. Министрлік дерегінше, соңғы уақытта өлім көрсеткіші айтарлықтай төмендеген. Бүгін еліміздің әр өңірінде дүниежүзілік инсультпен күрес күніне орай «Ашық есік күні» өтіп жатыр. Тұрғындар емханаға барып қандағы глюкоза мөлшерін анықтап, дәрігерлерден тегін кеңес ала алады. Мамандар бұл дерт көбіне 60 жастан асқан адамдарда жиі кездесетінін айтады. Олардың арасында қан қысымы, қант диабеті және жүрек аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастар көп екен. Дәрігерлер аурудың алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану қажеттігін ескертеді.
Жанел Бәкірова, ҰШМҮО республикалық инсульт проблемалары жөніндегі үйлестіру орталығы басшысының міндетін атқарушы:
Күнделікті қант пен тұзды тұтынуды азайту керек. Физикалық белсенділікті арттырып, жаттығу жасауды әдетке айналдырған жөн. Сондай-ақ жыл сайынғы медициналық скрининг өтуге кеңес береміз, бұл өте маңызды. Бұл ауруды асқынбай тұрған кезде анықтап, дер кезінде емдеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы