Басты Жаңалықтар Жетісулық ауған соғысының ардагері жастармен кездесті

Жетісулық ауған соғысының ардагері жастармен кездесті

Жеңіске жету үшін тек талант емес, тынымсыз еңбек қажет. Өмірсерік Өмірәліұлы бүгін жетісулық жастармен кездесіп, осылай деп кеңес берді. Ауған соғысының ардагері 1979-1980 жылдары интернационалистік борышын өтеген. Елге оралған соң ауыл шаруашылығының энергетика саласында ұзақ уақыт қызмет атқарған. Жасы 70-ке таяса да күні бүгінге дейін еңбектен қол үзген емес. Майдангер жас буынды талмай білім алып, аянбай еңбек етуге шақырады.

Ақерке Досымханқызы, қала тұрғыны:

Бүгінгі кездесуден түйген ойым, өзіме шығарған қорытындым,  әрдайым еңбекке адал болу, адал азамат болу. Біздің еңбекке деген құлшынысымызды арттыру үшін осындай кездесулер үлкен үлесін қосады деген ойдамын. 

Өмірсерік Өмірәліұлы, Ауған соғысының ардагері:

Ең бастысы, тәртіпті болуы керек. Спортқа жақын болу керек. Жалқау болмау керек, білімді болу керек. Ақыл кеңесімізді бердік. Өзіміздің көрген-білгенімізді айтып бердік. Біздің тілеріміз көк туымыз аспанда желбірей берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш жақсылық заман болсын деп тілеймін.
 

Бөлісу