Кеше түнде Түркияның Балыкесір провинциясында жер сілкінді
Кеше түнде Түркияның Балыкесір провинциясында жер сілкінді. Жергілікті уақытпен түнгі 11 шамасында қуаты 6,1 балл болатын зілзаладан төрт ғимарат құлаған. Олардың үшеуі - бұған дейін тамыз айында болған жер сілкінісінде зақым келген, тұрғындары көшірілген апатты жағдайдағы үйлер. Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, апатта қайтыс болған немесе ауыр жараланған адам жоқ. Тек зілзаладан қорқып жоғары қабаттан секіріп немесе баспалдақтан құлап, жеңіл жарақат алған 26 адам ауруханаға қаралған. Олардың бәрі ем алған соң, үйіне жіберілді. Мамандар негізгі жер тербелісінен кейін 12 рет 3-4 балл арасындағы афтершок тіркелгенін айтты.
Әли Йерликая, Түркияның ішкі істер министрі:
Апат болған ауданға мемлекет тарапынан арнайы жабдықталған 100 контейнер бөлінді. Тұрғындардың түрлі қажеттіліктерін орындау үшін мемлекеттік бюджеттен әзірге 25 млн лира бөлдік. Қазір арнайы комиссия нақты неше нысанға зақым келгенін анықтап жатыр. Соның қорытындысы бойынша шығындардың барлығы мемлекет тарапынан өтеледі.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04