Басты Жаңалықтар Еліміз 2029 жылы электр тапшылығынан құтылады

Еліміз 2029 жылы электр тапшылығынан құтылады

Қазақстан алдағы үш жылда электр тапшылығынан құтылады. Өнімді сыртқа сата бастайды. Бүгін бұл жөнінде Үкімет отырысында мәлім болды. Күн тәртібінде электр энергетика саласын дамыту мен цифрландыру барысы талқыланды. Жарыққа деген тапшылықты жоятын жобалар қай өңірлерде жүзеге асады? Самал Қабышева рет-ретімен.

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:

3 ГВт энергия сақтайтын көздерін келісімшарттарға және аукциондарға шығаруға мүмкіндік береді. Оның ішінде 1,1 ГВт халықаралық келісім-шарттарға арналған.

Министрдің сөзінше, ауқымды жобалар электр тапшылығынан құтылып, сыртқа сатуға мүмкіндік береді. Қазақсанның экспорттық әлеуетін арттырады.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына өте ауқымды міндет қойып отыр. Яғни, 2035 жылға дейін жалпы қуаты 26 гигаватт болатын жаңа энергия көздерін іске қосуымыз керек. Қазіргі таңда электр энергиясының негізгі генерациясын көмір стансалары өндіреді. Сондықтан біз дәстүрлі энергетиканы дамытуға да мән беретін боламыз.

Ал энергетика саласын цифрландыруға қатысты ірі жобалар жүзеге асады. Құбырдағы ақауды робот анықтайды. Салаға жасанды интеллект жүйесі енгізіледі. Тіпті қоймадағы көмір қоры да осы ақылды жүйе арқылы есептелмек.  

Жасұлан Мәдиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:

2027 жылға қарай нысандардың 50 пайызы цифрлық мониторингпен қамтылып, саланың негізгі процестері автоматтандырылатын болады.

Ал энергетикалық нысандардың жұмысы онлайн-мониторинг арқылы бақыланады. «Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» құрылады. Үкімет басшысы жауаптыларға осы және өзге бағытта қолға алынған жобаларды жеделдетуді тапсырып, нақты міндеттерді жүктеді. 

Самал Қабышева, тілші:

Семей және Өскеменде жылу электр стансалары салынады.Үкімет басшысы  Олжас Бектенов құрылысты бастау жұмыстарын наурыз айының соңына  дейін аяқтауды тапсырды. Ауаны ластайтын зиянды қалдықтардан сақтану жолдары ескерілуі тиіс. Бұл ретте заманауи құрылғылармен қамтамасыз ету қажет деді Премьер-министр.


Бөлісу