Үш мыңдай сарбаз мемлекеттік грантқа ие болды
Биыл Отан алдындағы борышын өтеп келген үш мыңға таяу сарбаз мемлекеттік грантқа ие болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорғаныс министрлігінің өкілі мәлімдеді. Айта кету керек, биылдан бастап әскери қызметшілерге шәкіртақы беріліп, жатақханамен қамтамасыз етіледі. Ал 2023 жылдан бері мерзімді әскери қызметтен өткен азаматтарға тегін оқу мүмкіндігі берілген еді. Жеңілдікке 8 мыңнан астам азамат ілікті. Ведомство өкілі әскери оқу орындарына түсуге ниеттілер саны да көбейгенін жеткізді. Сондай-ақ барлық республикалық «Жас ұлан» мектебі әскери колледж болып қайта құрылғанын айтты.
Мұрат Олжабаев, ҚР ҚМ әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник:
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсуге 4 мыңнан астам ниет білдіруші, білім алушылар қатысты. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша 1 761 абитуриент оқуға қабылданды. Алдағы уақытта Қорғаныс министрлігі іріктеу және оқыту тетіктерін жетілдіру, тәжірибе бағытталған даралықты күшейтеді. Цифрлық технологияларды енгізуді және оқу-тәрбие үдерісін жақсартуды жалғастырады.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00