Заңсыз ойын ұйымдастырғандар сотталды
Ақтөбеде заңсыз онлайн казино ұйымдастырған қылмыстық топқа сот үкім кесті. Күдікке іліккен тоғыз адам кінәлі деп танылып, оларға 2 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған үш көлік мемлекет меншігіне өтті. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі мәлімдеді. Тергеу мәліметінше, олар ойынға қатысушылардан ақша аударымдарын қабылдап, әрқайсына логин мен пароль беріп, сілтеме жіберіп отырған. Күн сайын заңсыз ойыннан 150-200 мың теңгеге дейін пайда көрген. Түскен ақшаны қолма-қол айналымға шығару үшін ұйымдастырушылар өзге адамдардың банктік карталарын пайдаланған. Топ жетекшілерінің бірі бұған дейін дәл осындай қылмыс жасап, жазаланған. Алайда кейін де заңсыз әрекетін жалғастырған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы