Измирде селден бір адам қайтыс болды
Түркияның Измир аймағына қарасты Фоча ауданында толассыз жауған жаңбырдың соңы селге ұласты. Жүздеген үй мен көлік су астында қалды. Қала сыртына саңырауқұлақ теруге шыққан 70 жастағы ер адамды көлігімен бірге сел ағызып кетіп, қайтыс болды. Оның денесін құтқарушылар екі күннен кейін суға кеткен жерінен 11 шақырым қашықтықтан тапты. Қазір су басқан ғимараттар мен көшелерді тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар бір сағатта бір айлық жауын-шашын мөлшерінде жаңбыр жауғанын айтты. Жергілікті билік апаттан зардап шеккендердің барлық шығындарын өтейміз деп уәде берді.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18