Басты Жаңалықтар Мәжіліс 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қабылдады

Мәжіліс 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қабылдады

Осы аптада Парламент Мәжілісі 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қабылдады. Үш жылда жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсімі 5,3 пайыз болады деген болжанған. Кіріске келсек, мысалы, алдағы 2026 жылы 19,2 трлн, ал шығысы 27,7 трлн теңге.

13 пайызға жетіп қалған инфляцияны келесі жылы 9-11 пайызға, 2027-2028 жылдары 6 пайызға түсіруді ойлайды. Ұлттық қордан жыл сайын 2 трлн 770 млрд теңге алып отыру көзделген.

Негізгі қаржылық есептік көрсеткіштер мынандай:

1. жалақының ең төмен мөлшері - 85 мың теңге;

  1. 2. мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 35 596 теңге;

  2. 3. зейнетақының ең төмен мөлшері - 69 049 теңге;

  3. 4. айлық есептік көрсеткіш - 4 325 теңге;

  4. 5. базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеуге қажет ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 50 851 теңге.

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдары негізінде әзірленген жаңа әдістемені ескере отырып, ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін ұлғайтуды ұсынған. Үкімет жағы қолдамады. «Ақша жоқ» деген сөз айтпады. Бюджет жобасында қаражат қарастырылмаған, - дейді.

Дегенмен, бюджет шығысының үштен бірінен көбі - 10 трлн 700 млрд теңге әлеуметтік блокқа жұмсалмақ. Оның жартысынан көбі - 6 трлн 800 млрд теңге зейнетақы мен жәрдемақыға бөлінеді.


Бөлісу