Президент: Конституцияға бірқатар өзгертулер енгізіледі
Республика күні – ұлттық мереке. Әу бастан солай еді. Алайда 2009 жылы «мемлекеттік» мәртебесінен айырылған-ды. 2022 жылы ұлттық мереке мәртебесін қайта алды. Республика күні қарсаңында Президент Ақордада бір топ азаматқа мемлекеттік марапат таққанда баяндама жасады.
Жетістіктер, белестер. Тұрақтылық пен келісім. Коррупциямен күрес. Ал парламенттік реформаға байланысты конституциялық өзгерістер туралы айтқанда, бұл жолы: «Конституцияға енгізілетін өзгертулер Парламентке ғана қатысты емес, сондай-ақ Президент, Үкімет туралы бөлімдерді және саяси жүйенің басқа да қырларын қамтиды», - деді.
Осы аптадағы Ақорданың маңызды жаңалықтарын Нұрсұлтан Тілектеспен талқылаймыз.
Сондай-ақ апта басында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің мемлекеттік сапармен Астанаға келгені мәлім.
Айтатын ең маңызды дүние мынау:
Әзербайжан мен Арменияның кикілжіңі тоқтағанына біз гуманизм принципі бойынша қуанамыз, сонымен бірге мүддеміз де бар: Әзербайжан арқылы жүк тасымалын арттыру және мұнайды Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры бойынша айтарлықтай ұлғайту.
Айтатын тағы бір маңызды жаңалық — біздің еліміздің астығы Әзербайжан арқылы Арменияға жететін болды. Ильхам Әлиев Астанада осыны да айтты.
«Әзербайжан оккупация басталған мезеттен бергі Арменияға жүк тасымалдауға қойылған шектеудің бәрін алып тастады. Арменияға алғашқы жүк транзиті ретінде қазақстандық бидай жіберіледі. Бұл Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік қағаз жүзінде қалмай, нақты орнағанын көрсететін жарқын мысал деп ойлаймын», - деді ол баспасөз брифингінде.
Ереван мұны бірден қолдап, Н. Пашинянның баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады. «Бұл өте маңызды мәлімдеме. Осы қадам үшін Әзербайжан Президентіне ризалығымды білдіремін», — деді кейінірек Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның өзі. Бұл келісім үшін ол Қазақстан Президентіне де алғысын білдірді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы