Басты Жаңалықтар Ел дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды

Ел дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды

Республика күні қарсаңында мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың, Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесіне, сондай-ақ шығармашылық қауым өкілдеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.

Ұлттық құрылтайдың мүшесі, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбден ІI дәрежелі «Барыс» орденімен, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының актрисасы Лейло Бекназар ІII дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. «Парасат» ордені актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрысқа, Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталинге, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры Диляра Қайдароваға және М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері Берік Айтжановқа тапсырылды. Сонымен бірге «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Мақсат Нұралиев, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы Аскер Пириев, Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Ирина Симонова, жазушы, журналист-публицист Сәкен Сыбанбай «Құрмет» орденінің иегері атанды.

Apple Inc компаниясының Орталық Азия мен Армениядағы саясат және мемлекеттік органдармен байланыс бөлімінің басшысы Әділхан Қопабаев және басқа да бірқатар азамат марапатталды. Ерлан Қарин марапат иелерін алдағы Республика күнімен құттықтап, мемлекеттік наградалар ел азаматтарының еңбектегі зор жетістіктеріне мемлекет пен қоғам тарапынан берілген биік баға екенін атап өтті.


Бөлісу