Талдықорғанда рухани келісім тақырыбында форум өтті
Дінаралық келісім мен ел бірлігін нығайту керек. Жастар жат ағымның жетегінде кетпес үшін діни сауатын арттыру қажет. Осындай қоғамдағы маңызды бірқатар мәселелер Талдықорғанда өткен республикалық форумда көтерілді. «Рухани келісім жолы: Съезд идеяларын жүзеге асыру» тақырыбындағы шараға еліміздің түкпір-түкпірінен дін саласының мамандары және дінтанушылар мен теологтар қатысты.
Форумға қатысушылар әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінде айтылған ойларды өңірлік деңгейде жүзеге асыру жолдарын талқылады. Дінаралық татулық пен келісімді нығайту бағытында тәжірибе бөлісті.
Сағыныш Жаңабай, Жетісу облысы дін істері басқармасының басшысы:
Жаңа құрылған Жетісу тарихында алғашқы рет өткізіліп отырған шара. Шараның мақсаты – әлемдік және дәстрүрлі діндер көшбасшыларының 8-ші съезінде көтерілген мәселелердің жүзеге асырылуына ғылыми және практикалық тұрғыда қолдау. Оларды бірлесе жүзеге асыру. Діни білестермен дін қызметкерлер арасындағы өзара ауызбірлікті, тұрақтылықты, ынтымақты арттыруға арналған.
Жетісу облысында 11 конфессияның 269 діни бірлестігі тіркелген. Олар қоғамдағы рухани тұрақтылық үшін бірлесе еңбек етіп келеді. Талдықорғанда өткен форумда ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен дамыту жолындағы жүйелі жұмыстары үшін 20 дан аса діни қызметкерлер түрлі номинация бойынша марапатталды.
Тимур Нүсіпхан, «Ihsan» ғылым және мәдениет орталығының төрағасы:
Мұндай шара өте маңызды. Өйткені барлығымыздың жасайтын жұмысымыз бір жұмыс. Қоғамның қәуіпсіздігі, елдің амандығы. Осы еліміздің, қоғамның қәуіпсіздігіне қауіп төндіретін әртүрлі діннің атын жамылған кері ағар түрлі топтар бар. Бұлар заманның ағысына қарай мынау әлеуметтік желі арқылы жастарды әр жақтан арбап өз саналарына қарай тартуда және сол үшін әр өңірдің тәжіребиелерімен бөлісу мақсатында өте ерекше бір алғашқы шаралардың бірі деп айтсақ болады.
Шара аясында жаңа
методикалық құралдың тұсауы кесілді. Жиын соңында форумға қатысушалар рухани
келісім мен бейбіт өмір барша адамзаттың ортақ парызы екенін атап өтті. Бірлік
пен мейірімге негізделген мұндай басқосулардың
елдегі тұрақтылық үшін маңызы зор дейді ұйымдастырушылар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы