«Талдықорған-Үшарал» магистралді газ құбырының құрылысы аяқталды
«Талдықорған-Үшарал» газ құбырының құрылысы толық аяқталды. Енді 134 мың тұрғыны бар Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 84 елді мекені көгілдір отынға қол жеткізеді. Инфрақұрылымдық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сай жүзеге асты. Бүгін өңір басшысы өркениет игілігінің алауын жағып, Республика күні қарсаңында тұрғындарды қуантты.
Қоңыржай Қызталасова бес бөлмені жылыту үшін бес шелек көмір де аздық ететін дейді. Енді зейнеткер 70-тен асқан шағында көгілдір отынға қол жеткізгеніне қуанышты.
Қоңыржай Қызталасова, ауыл тұрғыны:
Біздің аудан өте алыс орналасқан. Ауыл көгілдір отынға қосылады, әр үйде қашан жылу болады деп халық үміттенді. Бүгін енді өз алғысымызды білдіреміз.
«Талдықорған-Үшарал» газ магистраліның ұзындығы 302 шақырымнан асады. Қапал, Жансүгіров, Сарқан, Қойлық, Қабанбай, Үшарал елді мекендерінде 6 газ тарату станциялары орналасқан. Құрылыс жұмыстары межеленген мерзімінен 1 жарым жылға ерте аяқталды.
Акбар Төлегенов, «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың тамыз айында бастадық. Алайда мерзімінен бұрын ерте аяқтап, бүгін тұрғындарды қуантып жатырмыз. Алты газ тарату станциясы іске қосылды. Газ мамандарына алғыс айтамын.
Биыл өңірдегі 126 елді мекен көгілдір отынмен қамтылады. Енді Сарқанд, Ақсу, Алакөл аудандарын қоса алғанда, облыс бойынша газбен қамту деңгейі 91 пайызға жетеді.
Айдос Бекетаев, Жетісу облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Бұл өте ірі жоба. Енді 84 елді мекенге газ құбыры кіргізілсе,133 мың халықтың табиғи газға қол жеткізуге, қосылуға мүмкіншілігі болады.
Жетісу облысында 2027 жылға дейін 200-ден астам елді мекенге көгілдір отын жеткізу межеленген.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алтын – Емел ұлттық паркінде алғаш рет борсық фототұзаққа түсті
07.12.2025, 20:43
Мүгедектігі бар адамдарды қорлағандарға қылмыстық жауапкершілік бар ма?
07.12.2025, 20:30
Севоранмен бірден қанша тіс емдеуге болады?
07.12.2025, 20:28
Мемлекеттік тапсырыспен салынған құрылыстың сапасына кім жауапты?
07.12.2025, 20:20
Д. Кушнердің Мәскеу сапары: Нәтиже қандай?
07.12.2025, 20:06
5 мыңнан астам қазақстандық студент пен оқытушы ЕО елдерінде білімін жетілдіруге мүмкіндік алды
07.12.2025, 20:05
Мораторий аяқталғанда АИ-92 маркалы бензин бағасы қанша пайызға қымбаттайды?
07.12.2025, 20:00
Енді азаматтар зейетақы жинағын көзін емдетуге пайдалана алмайды
07.12.2025, 19:58