Басты Жаңалықтар 403 педагог кадрлық резервке енді

403 педагог кадрлық резервке енді

 «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының биылғы кезеңі аяқталды.  Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жобаның қорытынды кезеңінде кадрлық резервке енген 403 педагогке арнайы сертификат табыстады. Енді бұл мамандар директор қызметіне байқаусыз-ақ тағайындала алады.  Министр кездесу барысында білім саласын дамыту бағыттарын атап өтіп, реформаның табысты болуы ең алдымен жетекші құрамның жаңаша ойлауына байланысты екенін айтты. Бұған дейін 2023–2024 жылдары 583 педагог резервке енсе,  бүгінде олардың 70%-дан астамы басшылық қызметке тағайындалған. Жобаның мақсаты – білім беру жүйесін жаңғырта алатын, басқару мен реформалауда белсенді жаңа көшбасшыларды дайындау.

Аққали Балғалиев, «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының қатысушысы:

Курс нәтижесі бойынша біздер мектеппен тиімді қарым-қатынас орнату, ұжымда командамен жұмыс жасау, оның ішінде корпоративтік мәдениетті қалыптастыру бағытында түрлі сауалнамалар, түрлі жұмыстарды жүргіздік. Және курс барысында түрлі кейстарды, ситуациялық сессияларды оқу арқылы білімімізді шыңдадық.
 

Бөлісу