Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауытында жаңа желі іске қосылды
Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауытында жаңа желі іске қосылды. Кеңейтілген өндіріс жылына 100 мың дана аккумулятор шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 150-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Бүгін өңір басшысы зауыттың жаңа желісімен танысып, ұзақ жылдар бойы еңбек еткен қызметкерлерді марапаттады.
Асқар Рахымов бұл кәсіпорында 15 жыл бойы еңбек етіп келеді. Аккумулятор құрастыратын еңбеккер «зауыттың дамуына қосқан үлесі үшін» алғыс хатымен марапатталды. Арнайы оқудан өткен ол қазір өндіріс орнының жаңа желісінде жұмыс істейді.
Асқар Рахымов, зауыт қызметкері:
Барлық жағдай жасалған. Айлығымыз жақсы. Жаңа технологияда жұмыс істеп жасап жатырмыз. Арнайы мамандар келіп тұрады. Оқытып тұрады. Әрбір маманды оқудан өткізеді.Зауыттың жаңа желісі өнімнің сапасын жақсартады әрі жұмыстың тиімділігін арттырады. Өйткені кәсіпорын толықтай заманауи технологиямен жабдықталған. Жобаның жалпы құны - 10 млрд теңге.
Ербол Әжмағамбетов, «Қайнар АКБ» ЖШС бас директоры:
Қазіргі уақытта зауытта автоматтандырылған есеп жүйесі жұмыс істейді. Экономикалық үдерістерді реттеу үшін PR жүйесін енгіздік. Болашақта жасанды интеллект технологияларын үйреніп, өз жұмысымызға енгіземіз.«Қайнар АКБ» - еліміздегі ең ірі аккумулятор зауыттарының бірі. Жылына 3 млн-нан аса өнім шығарады. Отандық тауар ішкі нарықпен қатар Ресей, Германия және Орталық Азия елдеріне экспортталады.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06