«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының биылғы жеңімпаздары белгілі болды. Еліміздің әр аймағынан келген үздік жанұяларды Сенат спикері Мәулен Әшімбаев құттықтап, лауреаттарды марапаттады. Оларға естелік сыйлықтан бөлек, 1 миллион теңгенің сертификаты табысталды. Мәулен Әшімбаев жобаның ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпалы зор екенін атап өтті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Мемлекет басшысының тапсырмасымен бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылып келеді. Әр отбасының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, ана мен баланы қорғауға баса мән беріліп отыр. Президентіміз биылғы Жолдауында да азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды міндеттер жүктеді. Мұның бәрі еліміздегі әр отбасының өміріне ықпал етуді және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді.Жалпы, 12-рет ұйымдастырылған байқауға қатысу үшін өңірлерден биыл үш жарым мыңнан астам өтінім түскен. Олардың арасында еңбек династиялары, сондай-ақ волонтерлік және қайырымдылық істермен айналысатын жанұялар бар. Соның бірі - Ақмола облысынан келген ұстаздар отбасы. Мекебай ата жұбайымен бірге 9 бала, 30 немере және 3 шөбере тәрбиелеген.
Мекебай Қакенұлы, «Мерейлі Отбасы – 2025» байқауының жеңімпазы:
Өзіміздің ұлттық қағидаларымызды ұстанып, ұлттық салт-сана, әдет-ғұрпымызды жанұямызға да, ауылдағы ағайындарға да үйретіп, көрсетіп жатырмыз. Бұл – біздің міндетіміз. Сондықтан біздің жасаған еңбегіміз нәтижелі болды деп ойлаймыз.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ербол Хамитовтың ата-анасы жанкүйерлерге алғыс айтты
11.03.2026, 10:22
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
11.03.2026, 10:18
«Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа бағыты»
11.03.2026, 10:17
Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды
11.03.2026, 10:16
Бүкіләлемдік энергетикалық саммитте Қазақстанның ұстанымы айтылды
11.03.2026, 10:14
ХЭА резервтен ондаған млн баррель мұнай шығаруды ұсынды
11.03.2026, 10:13
Соғыс басталғалы Иранда 1300-ден астам адам қаза тапты
11.03.2026, 10:12
Президент БАӘ аумағына жасалған шабуылды айыптады
11.03.2026, 10:10