ЕуроОдақ Орталық Азия елдерімен байланысты нығайтуда Қазақстанға сенім артады
Еуропалық Одақ Орталық
Азия елдерімен өңіраралық байланысты нығайтуда аймақтың көшбасшысы Қазақстанға
сенім артады. Бұл туралы Люксембургта өткен Орталық Азия, Шығыс серіктестік
елдері, Түркия және Еуропалық Одақ арасындағы инфрақұрылымдық байланысты
арттыруға арналған кездесуде айтылды. Басқосуға еліміздің Сыртқы істер
министрінің орынбасары Арман Исетов қатысты. Кездесуде тараптар көлік, цифрлық
трансформация, энергетика және сауда салаларында өзара байланысты күшейту
мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Транкаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту,
инфрақұрылымдық желілерді жаңғырту жайын қаузады. Арман Исетов жиналғандарға
Қазақстанның көлік-логистика саласын дамытуға бағытталған тың жобаларын
таныстырды. Басқосуға жиналғандар Орталық Азиядағы ең ірі экономика және басты
транзиттік ел Қазақстанның өзара байланысты арттырудағы рөлін жоғары бағалады.
Роман
Василенко, ҚР Бельгиядағы елшісі, Қазақстанның ЕО жанындағы тұрақты өкілі:
Қазақстан өзінің көлік инфрақұрылымын дамытуға 35 млрд доллар құйды. Алдағы бес жылда тағы 15 млрд доллар бөледі. Басқосуда біз Орталық дәліздің әлеуетін толық пайдалану үшін Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Еуропа елдері күш-жігер біріктіруі тиіс екенін айттық. Люксембургтағы келіссөздер Қазақстанның сындарлы көзқарасын және осы дәліз бойындағы серіктестердің қоян-қолтық жұмыс істеуге мүдделігін көрсетті.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04