Дропперлік: Жасөспірім жеті жылға сотталуы мүмкін
Астанада алаяқтарға банк картасын берген 17 жастағы жасөспірім жеті жылға сотталуы мүмкін. Мұны Бас прокуратура хабарлады.
Айта кетейік, елімізде 16-шы қыркүйектен бастап «дропперлікке» жаза енгізілді.
Өзінің банк картасын басқа адамдарға ақыға бергендерге қылмыстық жаза
қарастырылған. Себебі олар жеке деректерін алаяқтарға беріп, әккілердің
құрықтан құтылуына атсалысқан болып саналады. Жаңа құжат күшіне енгелі
дропперлік бойынша 7 қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде кәмелет жасына
толмаған астаналық жасөспірімнің ісі бар. Тергеу дерегінше, ол картаны берген
адам осы деректер арқылы Қазақстан азаматының ақшасын ұрлап кеткен.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06