Шымкентте Республика күніне орай ерекше челлендж өтті
Шымкентте Республика күніне орай ерекше челлендж өтті.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің
жүз студенті бір мезетте «Балбырауын» күйін орындады. Домбыра үнімен өрілген
бұл сәт жастардың ұлттық өнерге деген ықыласын көрсетіп, мерекенің рухын
айшықтады. Жүз домбыраның үнін тоғыстырған орындау – Республика күніне арналған
ерекше тарту болды.
Салтанат Маралқызы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың
мәдениет бөлімінің басшысы:
Біздің оқу ордамызда «Мұра» ұлттық шығармашылық орталығы жұмыс жасайды. Бұл орталықта домбыра үйірмесі де қарастырылыған. Кез-келген біздің білім алушымыз келіп сол жерде домбыра үйірмесіне қатыса алады. Біз осы челленджі жалпы республикамыздағы барлық білім ошақтарына, университеттеріне жолдаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06