Басты Жаңалықтар 2026 жылдың қаңтарынан бастап салық төлеу ережелері өзгереді

2026 жылдың қаңтарынан бастап салық төлеу ережелері өзгереді

Ескі көліктерге салық азаяды. 1 қаңтардан бастап мүлік, жер және көлік салығын төлеу ережелері өзгереді.10 жыл жүрген темір тұлпарға 30%,  20 жылдан асқанына 50% жеңілдік жасалады. Қозғалтқыш көлемі үлкен автомобильдерге салынатын қосымша салық та алынып тасталады. Қазір 3 литрден үлкен қозғалтқышы бар көліктерге салық көбірек, енді бәріне бірдей болады. Бұдан бөлек, көлік салығы  жүргізуші куәлігіндегі категорияға қарай есептелмек.
Сонымен қатар қаңтардан бастап тоқсан сайын есеп тапсыру міндеті алынып тасталады. Декларацияны жылына бір рет өткізу жеткілікті. Ал мүлік салығы 1 миллион теңгеден аз болса, аралық есеп тапсырудың қажеті жоқ. Тек экология мен жер қойнауын пайдалануға төлем көбейеді. Қалдық көметін және табиғатты пайдаланатын ірі кәсіпорындар қаржыны әдеттегіден көбірек төлейді.


Бөлісу