Қазақстан–Әзербайжан форумы: 16 меморандумға қол қойылды
Алакөлдің шығыс жағалауында заманауи демалыс орны салынады. Әзербайжандық кәсіпкерлер инвестиция құюға ниетті. Сондай-ақ Қазақстанның «e-ashana» жүйесіне Әзербайжан елі қызығушылық танытты. Олар бұл жүйені өз мектептерінде қолданбақ. Бүгін Астанада өткен Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумында осы сынды 16 меморандумға қол қойылды. Қазақстан Әзербайжанға экспортталатын тауар түрлерін кеңейтуді ұсынып отыр. Бұл бағытта еліміз жалпы көлемі 15 млн тоннаға жуықтайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге дайын. Олардың қатарында дәнді және майлы дақылдар, ұн, май және картоп бар.
Юсиф
Абдуллаев, «Azpromo» экспортты және инвестицияларды ынталандыру агенттігінің
атқарушы директоры:
Құжаттар өнеркәсіп, туризм, білім, цифрлық технология және логистика салаларын қамтиды. Серіктестік аясында «Қазпошта» мен Zira Port, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен KOBIA агенттігі және екі елдің бірқатар жеке компаниялары арасында меморандумдар бекітілді.
Айнұр
Әмірбекова, «Qaztrade» АҚ басқарушы директоры:
Қазақстан Әзербайжан форумында 16 меморандумға қол қойылды. Негізгі көздеп отырсақ мақсат, сауда өсімін екі есеге көбейту. Әзербайжан елінлде екінші бизнес форумымыз көзделіп отыр. Октябоьдің соңында. Ол жерге апара жатқан негізгі тауарлардың тізімі ауылшаруашылық өнімдері. Машина жасау өнімдері. Және IT жобаларымыз.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06