Биыл есірткіге қатысты 6 мыңнан аса құқықбұзушылық анықталды
Жыл басынан бері есірткіге қатысты 6 мыңнан аса құқықбұзушылық анықталған. Оның 3 мыңға жуығы қылмыстық іс. Нашақорлыққа қарсы күрес күшейгенмен, зиянды затты тұтынатындар азаймай тұр. Биылдың өзінде 26 тоннадан аса есірткі тәркіленіп, оның ішінде синтетикалық өнімнің үлесі едәуір артқан. Бүгінде оны өндірудің жаңа тәсілі – жабық жылыжайлар мен «фитолабораториялар» көбейген. Бұл бағытта оннан аса зертхана жойылды. Сонымен қатар 16 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. ІІМ әлеуметтік желідегі жарнамаларды тоқтату қиынға соғып жатқанын айтты. Соңғы уақытта синтетикалық затқа тәуелді адамдарды қылмыскер емес, емделуші ретінде қарастыру мәселесі жиі көтеріледі. Жауаптылар бұл бағытта Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен шараларды қолға алып жатыр.
Бақытжан Әмірханов, ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма басшысы:
Парламентте заң әзірленуде. Жылдың соңына дейін қол қойылуы керек. Ол жерде әр мемлекеттік органның бағытын айқындаған. Мысалы, ІІМ құқық қорғау саласы және есірткінің заңсыз, заңда не жазылған - соған жауап береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
