Басты Жаңалықтар Елімізде бизнес идеяға арналған гранттарға өтінім қабылдау басталды

Елімізде бизнес идеяға арналған гранттарға өтінім қабылдау басталды

Елімізде бизнес-идеяны іске асыруға арналған гранттарға өтінім қабылдау басталды. Берілетін 1,5 млн теңгені үй-жайды жалдауға, құрал-жабдықтар, мал, тұқым немесе көшет сатып алуға пайдалануға болады. Тоғыз өңірде 270 грант беру жоспарланып отыр. Қаржы қайтарымсыз негізде беріледі. Оған  жұмыссыздар мен тіркелгеніне үш жылдан аспаған жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Бірақ олар әлеуметтік санаттардың біріне жатуы тиіс: мүгедектігі бар адамдар, қандастар, қоныс аударушылар, көпбалалы немесе аз қамтылған отбасылар және басқа санаттар. Сондай-ақ соңғы үш жылда «Бастау Бизнес» курсынан өткен болуы керек. Гранттарға өтінім Business.enbek.kz порталы арқылы 3 қарашаға дейін қабылданады. Еңбек министрлігінің хабарлауынша, өтінімдерді іріктеу комиссиялық түрде жүргізіледі.  Бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі мен өміршеңдігі бағаланады.


Бөлісу