Сурдлимпиада ойындарының басталуына 1 ай қалды
XXV жазғы сурдлимпиада ойындарының басталуына тура 1 ай қалды. Халықаралық жарыста еліміздің атынан 80-ге жуық спортшы, 8 спорт түрінен бақ сынайды. Қазақстан 1997 жылдан бері Сурдлимпиада ойындарына тұрақты қатысып келеді. Осы жылдар ішінде елімізде есту қабілеті бұзылған жандарды қолдауға арналған ұлттық жүйе қалыптасты. Бүгінде жерлестеріміз алдағы жарысқа сақадай-сай дейді жауаптылар. Ұлттық Сурдлимпиадалық комитет президенті Серік Сәпиевтің сөзінше, Қазақстан халықаралық аренада беделді. 2022 жылғы сайыста отандастарымыз 4 алтын, 7 күміс, 18 қола медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте 13-орынға көтерілген.
Серік Сәпиев, Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті:
Қазіргі таңда Ұлттық құрама сурдлимпиада ойындарына дайындықтың шешуші кезеңінде. Біздің спортшылар еліміздің абыройын халықаралық аренада абыроймен қорғап келеді. Тәуелсіздік жылдары 8 жарысқа қатысты. Біздің спортшылар ел намысын лайықты қорғап, Токиода жаңа жеңістерге жететінінен сенімдімін.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06