Басты Жаңалықтар Астанада Республика күніне орай шағын футболдан «Majilis Cup» турнирі өтті

Астанада Республика күніне орай шағын футболдан «Majilis Cup» турнирі өтті

Астанада Республика күніне орай шағын футболдан «Majilis Cup» турнирі өтті. БАҚ өкілдері арасында жарысқа еліміздің әр аймағынан келген 20-ға жуық команда қатысты. Ойын Чемпиондар лигасының ережесі бойынша ұйымдастырылды. Әр кезеңде қарсылас шақ келтірмей, үздік шыққан Қызылордадан келген «Ақмешіт» пен елорданың «ASNews» командасы финалда өзара мықтыны анықтады. Чемиондық атақ сарапқа салынған шешуші ойында қызылордалық жігіттер жеңімпаз атанды. Айта кетейік, жарыс Парламент Мәжілісінің бастамасымен биыл төртінші рет ұйымдастырылды. Жүзден жүйрік атанған команда мен жүлдегерлер кубоктарға, естелік сыйлықтарға ие болды. Сонымен бірге, ойын барысында көзге түскен футболшылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.


Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:


Биылғы жеребе Чемпиондар лигасы форматында топтық кезең емес, әр команда бір-бірімен ойнайды. Ең соңында 19 команданың сегізі плей-оффқа жолдама алады. Командалар арасындағы тартыстың соңы достыққа, бауырластыққа ұлласын деген ойымыз бар.

Бөлісу