«Самұрық-Қазына» қоры бір миллион ағаш отырғызу бастамасын жалғастыруда
«Самұрық-Қазына» қоры бір миллион ағаш отырғызу бастамасын жалғастыруда. Экологиялық шара Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асуда. Бүгін қор өкілдері Астанадағы 17 Келешек мектепке барып, бірінші сынып оқушылармен бірге ағаш отырғызды.
Бұл
Астанадағы №101 Келешек мектебі. Білім шаңырағы жаңадан пайдалануға берілген.
Сәйкесінше, ауласында ағаш жоқ еді. «Самұрық-Қазына» өкілдері еккен әр бір
көшет мектеп ауласына бірден көрік берді. Әр ағашқа QR-код тақтайшасы
орнатылды. Ол арқылы арнайы сайтқа өтуге болады. Онда ағашқа күтім жасау,
суғару, тыңайтқыш беру, кесу, қауіпсіздік ережелері туралы пайдалы кеңестер
берілген.
Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында біз өз алдымызға ауқымды мақсат қойдық. Қор портфельдік компанияларымен бірге 1 миллионнан астам ағаш егу. 1 миллион ағаш жәй ғана сан емес. Бұл біздің балаларымыздың зор денсаулығы, бұл таза ауа. «Таза Қазақстан» жәй ғана акция емес. Бұл біздің күнделікті философиямыз болуы керек. Сондай-ақ, «Таза Қазақтан» арқылы келешек ұрпаққа өзіміздің құндылықтарды насихаттаймыз.
«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы
Нұрлан Жақыповтың сөзінше, әр бір көшет
болашақ ұрпаққа салынған инвестиция. Ал, бірінші сынып оқушыларымен бірге ағаш
отырғызудың өзіндік себебі бар екен. Балалар мен табиғаттың бірге өсуі. Түпкі
идея осында жатыр. Бірініші сынып оқушылары
өз қолдарымен отырғызған ағаштарын күтіп-баптап, табиғатты қорғауға
жауапкершілікпен қарауды үйренеді, -дейді ұйымдастырушылар.
Қуанар Мейман, №101 «Келешек мектебі» директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
№101 Келешек мектебінде 4 мыңға жуық бала оқиды. «Самұрық-Қазына» қорының ұйымдастыруымен біздің №101 Келешек мектебінде ағаш отырғызу акциясы өтіп жатыр. Мектеп ауласында 80-ге жуық шырша ағаштары отырғызылып жатыр.
Әйгерім Құсайынова, ата-ана:
Қызым бірінші «О» сыныбында №101 Келешек мектебінде оқиды. Осы шара туралы өзіміздің мұғалімімізден естідік. Өзіміз келеміз деп айттық. «Самұрық-Қазына» қорына, Таза Қазақстан акциясына, 101 мектепке алғысымызды білдіреміз.Балаларымызға үлгі болады. Таза ауа, Таза Қазақстан. Сана сезімін оятатын мереке деп ойлаймын.
Жыл соңына дейін «Самұрық-Қазына» қоры ел
аумағында бір миллион ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Игі бастаманың мақсаты
- еліміздің жасыл аймағын кеңейтіп ғана
қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастырып үлес қосу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
