Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шараларының тиімділігі
Үкімет қабылдаған шешімдердің тиімділігі неде? Осы және өзге де сауалды дәл қазір экономика саласының сарапшысы Қайырбек Арыстанбековке қоймақпыз. Қайырлы кеш! Үкімет қабылдаған шаралар азық-түлік бағасын қаншалықты ұстап тұра алады?
Қайырбек Арыстанбеков, экономика ғылымдарының докторы:
Әлбетте осындай күрделі заманда Президент Үкіметке өте маңызды, уақытылы тапсырма берді. Сонымен қатар Үкімет дереу ден қойып мәселеге тиісті шаралар қабылдады. Бұл жерде азық-түлік бағасы дегенде әлемдік трендке назар аударуымыз керек. БҰҰ құзырлы ұйымдарының ақпаратыны бойынша, азық-түлік бағасы тек ғана Қазақстанда ғана емес, бүкілдүниежүзінде өсіп жатыр. Біз соны ескеруіміз керек. Екіншіден, бізде кейбір делдалдар қалыптасқан. Кластер дейміз ғой. Яғни азық-түлікті бір жерден алады да, былайша айтқанда сатады. Оларда да керек шығар. Дегенмен оларды ретке келтіру керек. Өйткені, кейбір делдалдар бағасын 2-3 есе өсіріп жібереді. Тұтынушыға тиімсіз жағдайлар жасайды. Сондықтан бұған мемлекет араласу керек, үкімет араласу керек. Әсіресе, жергілікті жерде әкімдер кірісу керек. Демек келесі жылы, осы салада кешенді шараларды әзірлеу керек.
Үкімет жанар-жағармай бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізді. Бұның әсері қандай болмақ?
Қайырбек Арыстанбеков, экономика ғылымдарының докторы:
Біріншіден, бұл шаралардың халыққа беретін пайдасы өте мол. Ал екіншіден, жанар-жағармай бағасының өспейтініне былайша айтқанда, мемлекет кепіл берсе, онда бизнес ұйымдары немесе кәсіпкерлер жоспарлауға мүмкіндік туады. Бизнес жоспарлауға былайша айтқанда. Тұтынушылар да қалтасынан, қанша жұмсалады, қанша пайда көреді, осындай элементтерден айқындылық болады. Бұл жерде ішкі нарықта бәсекелестікке қалыптастыру шараларына ден қою керек. сондықтан бұл жерде бәсекелестікті қорғау агенттігінің жұмыстары көп сияқты. Осылар араласу керек. Тиісті тәртіп орнату керек сияқты.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жазушы В.Михайловты мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 13:30
Туризмге 2 жылда ₸2,2 трлн инвестиция тартылған
07.09.2026, 13:27
Қорғалжын қорығына м³40 млн су жіберілді
07.09.2026, 13:24
5 мың шақырымдай теміржол салынады
07.09.2026, 13:21
Ембідегі 125 жыл болған вокзалды жаңғыртты
07.09.2026, 13:18
Астанада ғарыш саласына қатысты форум басталды
07.09.2026, 13:15
Қытай ШЫҰ мүше елдермен қорғаныс саласын күшейтпек
07.09.2026, 13:12
Индонезиядағы жанартаудың салдарынан рейстер тоқтады
07.09.2026, 13:09