Биыл су басқан елді мекендер 95% азайды
Соңғы екі жылда Төтенше жағдайлар министрлігінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайды. 800-ден астам техника мен 20 мыңнан астам құрал-жабдық, алғаш рет ұшақтар мен басқа да әуе кемелері сатып алынды. 25 өрт сөндіру депосы мен құтқару станциясы салынды. Былтырдан бері тез, үнемді, әрі сапалы принципімен объектілер салынып жатыр. Осындай кешендер 3,5 айдың ішінде Астана, Атырау және Семей қалаларында бой көтерді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді. Бұл табиғи апаттардың салдарын азайтып, тиімді әрекет етуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, биыл су басқан елді мекендер саны 95%-ға азайды. Енді төтенше жағдайды талдауға жасанды интеллектті пайдалану көзделіп отыр.
Кеген Тұрсынбаев, Төтенше
жағдайлар вице-министрі:Цифрландыруға және
қауіп-қатерді болжауға көп көңіл бөлінуде. Геоақпараттық және спутниктік
жүйелерді белсенді енгізіп жатырмыз. Табиғи қауіптерді талдауға жасанды
интеллектіні пайдаланып, қауіпті аймақтардың цифрлық карталарын әзірлеу
үстіндеміз. Алматыда ықтимал жер сілкінісі және басқа
да төтенше жағдайлар туралы халықты ескертетін «MASS ALERT» шұғыл хабарлау
жүйесі жұмыс істейді. Бұл жоба барлық жер сілкінісі қаупі бар аймақтарға
таратылмақ.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
06.12.2025, 17:24
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10