Басты Жаңалықтар Астанада тұрақ ақысы минутына есептелетін болды

Астанада тұрақ ақысы минутына есептелетін болды

Астанада тұрақ ақысы минутына алынатын болды. Яғни, жүргізушілер көлікті ақылы тұраққа қойғаны үшін сағатына емес, минутына төлейді. Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің сөзінше, өзгеріс төлем жасаушылар үшін тиімді болмақ. Себебі бұған дейін олар бес минут автотұрақта тұрса да, сағатына төлеуге міндетті болды. Енді тұрақтаған минуттарына ғана төлем жасайды. Сонымен қатар қалада шлагбаумдары бар ақылы автотұрақтарға көлік нөмірлерін танитын фото және бейнетіркеу жүйесі енгізіледі.

Еске салайық, айдың басында Мәжіліс депутаты Астанадағы автотұрақтар мәселесін көтеріп, қала тұрғындарының тарифтердің ашық еместігіне байланысты шағымдары көбейіп жатқанын көтерген еді. Депутат тұрақта 5 минут тұрып, 1 сағатқа төлем жасау ережесін өзгертуді талап етті. 


Бөлісу