«Арғықазақ мифологиясы» еңбегі түрік тіліне аударылды
Анкарадағы Президенттік Ұлттық кітапхана қазақтың белгілі ғалымы, мифолог Серікбол Қондыбайдың «Арғықазақ мифологиясы» атты еңбегімен толықты. Түрік тілінде жарық көрген төрт томдық кітапта қазақтың бай рухани мұрасы, соның ішінде ұлтымыздың көне мифологиясы жан-жақты таныстырылған. Серікбол Қондыбай аз ғұмырында артына өшпес мұра қалдырған зерттеуші. Көзі тірісінде 20-ға жуық еңбегі көпшілікке ұсынылды. Олардың біразы орыс және ағылшын тіліне аударылған. Өмірден өткен соң тағы он шақты еңбегі жарыққа шықты. Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Түркия мен Қазақстанның зиялы қауым өкілдері және Маңғыстау өңірінен келген делегация қатысты. Ал еңбекті түрік тіліне аударуға халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы мұрындық болды.
Сұлтан Раев, «ТҮРКСОЙ» ұйымының бас хатшысы:
«ТҮРКСОЙ» Серікбол Қондыбайдың кітабын түрік тіліне аударып, түрік оқырмандарына тарту етті. Бұл туындының айтары мол. Түсіне білгенге, еңбектің сакралды философиясы терең, түпкі мәні зор. Бұл кітап түрік жұртының сүйікті шығармасына айналады деп сенемін.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06