Басты Жаңалықтар Астанада балабақша тәрбиесі талқыланды

Астанада балабақша тәрбиесі талқыланды

«Мамандығым – мақтанышым». Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас педагогтер республикалық форумда бас қосты. Жиында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың заманауи тәсілдері талқыланды. Қатысушылар «Қазіргі балабақша қандай болу керек?» және «Бала тәрбиесі – ата-ананың әлде педагогтің жауапкершілігі ме?» сияқты өзекті сұрақтарға жауап іздеді. Шара барысында буын сабақтастығын нығайту және кәсіби құндылықтарды біріктіру мақсатында «Кәсіби көпір: тәжірибелі және жас мамандар» атты диалог алаңы ұйымдастырылды. Қатысушылар балабақшалар мен онда жұмыс істейтін тәрбиешілерге қойылатын талаптары туралы сөз қозғап, пікір алмасты. Институт директоры мектепке дейінгі білім беру саласындағы сапалы кадрлар даярлау жайына тоқталды. Олқылықтарды жою үшін оқуды жаңа аяқтаған жас мамандарды жұмысқа тарту бойынша шаралар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Мария Ерманова, Оқу-ағарту министрлігі балаларды ерте дамыту институтының директоры:

Енді қазір 102 мың педагог жұмыс істейді дейтін болсақ, соның 68 мыңы «Мектепке дейінгі тәрибе мен оқыту» мамандығы бойынша. Бізде сонда 30 мыңдай педагог – мектепте. Бірақ қазір «Педагог мәртебесі» туралы заңға сәйкес, бізде тек мектепке дейінгі білім емес жалпы педагогикалық білімі бар, басқа техникалық білімі бар адамдар қайта даярлаудан өтіп, «Мектепке дейінгі тәрибе мен оқытуда» жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылып отыр.


Бөлісу