Қазақстан Дубайдағы «GITEX GLOBAL 2025» көрмесінде жобаларын таныстыруда
Дубайда өтіп жатқан «GITEX GLOBAL 2025» көрмесінде Қазақстан өз жобаларын таныстырып жатыр. Жаңа технологияға негізделген ауқымды шараға 170-тен аса елдің алпауыт компаниялары қатысуда. Біздің елдің медицина саласындағы өнімі көпшіліктің қызығушылығын тудыруда. Стартап жасанды интеллектке негізделген. Инсульт диагностикасына талдау жасайды. Сондай-ақ «Alaqan Technologies» сынды жобалар бар. Бұл платформа қауіпсіздік жүйелері мен байланыссыз төлемдерге арналған. Атауы айтып тұрғандай алақан тамырларын тану технологиясы. Дубайдағы көрме Қазақстанның танымалдығын арттырып ғана қоймай, стартаптардың жаһандық нарыққа шығуына жол ашады. Бұл бағытта «Astana Hub» ауқымды жұмыстар атқаруда.
Бауыржан Құсекеев, «Ghalam LLP» компаниясының өкілі:
Қазақстан атынан «Ғарыштық ғалам» компаниясының өкілі боламын. Осы жерде біздің өнімдерді таныстырып жатырмын. Ғалам компаниясы Орталық Азиядағы жалғыз ғарыштық компания. Барлық жұмыстарды жобалаудан бастап, құрастыру, сынақтан өткізу, барлық кезеңдерін қамтитын жалғыз компания. Бізге бірнеше қызығушылық танытқан компаниялармен келісөздер жүргіздік. GITEX көрмесі Астана қаласында өтуі жоспарлануда.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елде көкөніс, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы төмендеді
17.07.2026, 11:21
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді
16.07.2026, 20:35
Қосшыда бірнеше әлеуметтік нысан салынып жатыр
16.07.2026, 19:45
150 орындық оңалту орталығының құрылысы қайта жанданды
16.07.2026, 19:38
Қарымта матч: «Астана» «Динамо Ситиді» қабылдайды
16.07.2026, 19:36
ШҚО-да еріктілер Дұбығалы көлінің жағалауын тазалады
16.07.2026, 19:32
Сарапшы: Шоқан еңбегі – ғылымның алтын қоры
16.07.2026, 19:31
Жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен астам келісімге қол қойылды
16.07.2026, 19:30