130 көлеңкелі крипто айырбастау алаңы жойылды
130 көлеңкелі криптоайырбастау алаңы жойылды. Мұны Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Құзырлылар интернет-алаяқтық пен есірткі саудасынан түскен ақшаны жылыстату үшін қылмыскерлер пайдаланатын заңсыз крипто қызметке қарсы науқан жүргізіп жатыр. Тергеп-тексеру нәтижесінде 16 млн 700 мың крипто қаржыға тыйым салынды. Бұл механизм қалай жұмыс істейді? «Есірткі дүкендерінің» иелері мен киберқылмыскерлер ақшаны банк шоттарына, не криптовалюта түрінде айырбастау қызметін көрсететін әмияндарға аударады. Одан әрі бұл қаражат конвертацияланып, қаржылық транзакциялар тізбегі арқылы ақшаның шыққан көзі жасырылады. Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға Заңсыз схемаларға қатысу - қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06